Тараздық қари ХІ республикалық Құран сайысының жеңімпазы атанды

Тараздық қари ХІ республикалық Құран сайысының жеңімпазы атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылорда қаласы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ХІ республикалық байқау 2 күнге жалғасты.

Аталған дүбірлі білім додасында қасиетті Құран кәрімді толық жатқа оқу бойынша 1 орынды Жамбыл облысы Тараз қаласынан барған Иманәлі Бейбітұлы жеңіп алды. Жүзден жүйрік шығып, Құранды кемеліне келтіріп оқып, көркем даусымен көпшіліктің жүрегін елжіреткен жас қари жүлдеге  темір тұлпар мінді. 

Жерлестері мен барлық байқауға қатысушылар жүрек жарды қуаныштарын жеткізіп, құттықтаулар айтып жатыр. 

Айта кетейік, Жамбыл облысынан 4 номинацияға: "Құранды толық  жатқа оқу" бойынша Мырзагелді Иманәлі, "Құранның 20 парасын жатқа оқу" бойынша - Абдусаттар Имран, "Құранның 10 парасын жатқа оқу" бойынша - Сушанло Мухаммедзакария, "Құранды мәнерлеп оқу" бойынша - Рузметов Расулжон барған болатын. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: