#Шу: Имамдар тестілеуге дайындық жүргізді

#Шу: Имамдар тестілеуге дайындық жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл соңына қарай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имам-молдалардың білім деңгейін анықтау мақсатында тестілеу жүргізеді. Аталған республикалық сынаққа дайындық ретінде Жамбыл облысының имамдары тест тапсыруда.

Бүгін Шу қаласы "Төле би" мешітінде өткен сынақ жұмыстарына  Шу және Мойынқұм аудандарының имам-молдалары келіп қатысты. Тестті қабылдау үшін арнайы Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы келді. 

Дін қызметкерлері 5 тақырыпта тестілеуден өтіп, соңынан жеке қабылдауға қатысты. Нұралы Бақытұлы мен Талғат Кәрібайұлы имам-молдалардан ҚМДБ қабылдаған құжаттар, тәжуид ережелері сияқты сұрақтар қойып, жауаптарын балл бойынша бағалады. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: