Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»[13] – деп біздерге Алла Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарынан көрінгіміз келсе қоршаған ортамыздың тазалығына мән беруіміз керек екенін білдіреді.
"Тазалық - иманның жартысы" ұранымен "Кеңесхан қажы" мешітінің әйелдер жамағаты Алла үйіне тереңдетілген тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бірлесе жасалған игі іс үшін мешіт ұстаздары алғыстарын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



02 Қараша 2025
11 Джумада-авваль 1447

