Жұмаққа соңғы болып кіретін адам

Жұмаққа соңғы болып кіретін адам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тирмизидің хадистер жинағында Мугира Ибн Шу'ба (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Мұса пайғамбар (а.с.) Алла Тағаладан: «Жұмақтың ең төменгі дәрежесіндегі адамның жағдайы қандай?» - деп сұрайды.

Алла Тағала: «Жұмаққа адамдардың ең соңғысы болып кіретін пенде «Жұмаққа кір!» деген сөзді естиді де: «Уа, Алла! Мен қалай кіремін? Әркімнің өз орны бар емес пе?» - деп сұрайды.

Одан: «Егер Мен саған бір ел билеушісінің жер көлеміндей жер берсем, келісемісің?» - деп сұрайды. Пенде: «Әрине, келісемін», - деп жауап береді.

Сонда Алла Тағала: «Саған осынша, бұдан да көп, одан да көп, одан да көп нәсіп етілді», - деп бұйырады. Пенде болса: «Уа, менің Жаратушым! Мен разымын, маған осы да жеткілікті!» - деп тіл қатады.

Мұса пайғамбар (а.с.): «Ал Жұмақтың ең жоғары дәрежесіндегі адамның жағдайы қалай болмақ?» - деп сұрағын жалғастырады, сонда Жаратушы: «… Мен олар үшін көз көрмеген, құлақ естімеген, жүрек сезбеген нәрсені дайындап қойдым», - деп жауап береді (Мүслим, «Иман», 312; Тирмизи, «Сәжде тәпсірі», 3196).

Әбу Саид әл-Худри Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала Жұмақ мекендеушілерінен: «Уа, Жұмақ мекендеушілері! Сендер разысыңдар ма?» - деп сұрағанда адамдар: «Уа, Жаратушы! Біз қалай разы болмаймыз? Сен бізге басқа жаратқандарыңа бермегеніңді бердің ғой!» - деп жауап береді.

Алла Тағала: «Сендерге бұдан да артықты сыйлайын ба?» - деп сұрайды. Адамдар: «Бұдан артық не болар», - деп жауап береді. Сонда Жаратушы: «Мен сендерге разымын, ешқашан сендерді азапқа салмаймын», - деп айтады (Бұхари, «Рикак» 51; «Таухид» 38; Мүслим, «Джаннат», 9; Тирмизи, «Жәннат» 18).

Ал аяттар мен хадистерге сүйене отырып, Жұмақтың жоғары дәрежесіне келер болсақ: «Пердәуіс – Жұмақтың ең жоғары дәрежесі. Оның үстінде Қайырымдының Аршысы бар. Одан Жұмақ өзендері ағып жатады» (Бұхари, «Жихад», 4).

Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты, қонақ үй болады» (18:107).

«Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап; Раббына қарайды» (75:22-23).
Ибн Аббас (р.а.) келтіргендей, Жұмақтың жеті дәрежесі бар, алайда Құран аяттарына сай Жұмақтың көптеген дәрежелері бар. Осы дәрежелердің әрқайсысы бірнеше дәрежелерден тұрады. Бұған дәлел ретінде Құранда Жұмақты сипаттауда көпше түрдің қолданылғанын келтіруге болады.

Жұмақтың әр дәрежесінде қандай нығметтердің бар екені тек Бір Алла Тағалаға ғана аян!

аsyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: