Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккен жерлестерімізге жеңілдік пен сабыр тілейді.
Жаратушы Жаббар Иемізден жарақат алған жандардың тез сауығып кетуін сұраймыз. Үйсіз қалған жандар мешіттерге орналасуда. Имамдар қолдан келген көмегін көрсетуде.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша мешіттерде дұға ету, салауат айту рәсімі өтуде.
Алла Тағала халқымызды тілсіз жаудың кесірінен сақтағай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!