Сургуттағы екінші мешіттің құрылысы келесі көктемге жоспарланған. Оның ауданы қазіргіден үш есе үлкен болады, ал жұмыс жарты миллиард рубльге бағаланады. Бұл туралы Ханты-Мансий автономиялық округі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей Жоғарғы мүфтиінің бірінші орынбасары, мүфти Тагир хазірет Саматов мәлімдеді.
«Сургут әкімшілігі бізге қаланың Шығыс ауданынан жақсы жер берді. Көліктерге арналған үлкен автотұрақты жабдықтауға мүмкіндік туады. Осы уақытқа дейін 300-ге жуық адам сиятын ғибадатхана тұрғыздық. Жақсы ғимарат болып шықты.
Ол жерге приходтар барады, жұма намазына барады, жексенбілік мектеп бар», - деді теолог Сургут округінің «Вестник» газетіне. «Ғимараттың эскиздері мен ішкі әрлеу жұмыстарын уфалық сәулетші Фагим Уразаев жасап жатыр. Ол Ханты-Мансийск округіндегі барлық дерлік мешіттердің құрылысына қатысты», - деп қосты ол.
asyldin.kz