Индонезияның Папуа провинциясындағы PT Freeport тау-кен компаниясының кен өндіру аймағына жұмыс сапары аясында Индонезия президенті Джоко Видодо мен елдің бірінші ханымы жер астында 1,5 шақырымнан астам жерде орналасқан әйгілі мешітте болды, деп хабарлайды REGNUM.
Мұсылман ғибадатханасының жанында шіркеу бар. Екі ғимарат та 1700 метр тереңдікте салынған және әлемдік архитектуралық рекордтар қатарына кіреді. Ғибадат ету орындары 2014 жылы PT Freeport India қызметкерлері үшін жобаланған.
asyldin.kz