Дубай ұзындығы 5 шақырымға жететін алтын алқа жасау арқылы рекорд жаңартпақшы

Дубай ұзындығы 5 шақырымға жететін алтын алқа жасау арқылы рекорд жаңартпақшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубай зергерлері ұзындығы 5 шақырымға жететін рекордтық алтын алқаны жасаумен айналысуда. Акция шопингтің 20-шы фестиваліне орайластырылған деп хабарлайды Қазақпарат.

Dubai Celebration Chain атауы берілген әшекейді 22 караттық алтыннан жасауда. Оны дайындау жұмысына Dubai Gold and Jewellery Group-тың 500 жетекші зергерлері қатысуда. Осылайша Дубай қаласы 1999 жылы ұзындығы 4,1 шақырым болған алтын алқаны жасаған кезде орнатқан өз рекордын жаңартпақшы.

Акцияның ұйымдастырушылары жаңа әшекейдің нақты параметрлерін хабарламаса да, алқаның ұзындығы 5-8 шақырым аралығында, ал салмағы - 160-200 келі шамасында болатынын тұспалдады.
Әшекейді 2015 жылдың 2 қаңтарында ұсынылуы мүмкін. Айта кетейік, Дубайдағы шопинг фестивалі 1 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: