Экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынса да, Алматыда "Таблиғи Жамағат" діни бірлестігінің өкілдері әлі де өріп жүр. Бүгін олардың бір тобыры ұсталды.
Құзырлы орган қызметкерлері 20-ға жуық "дағуатшыларды" Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, аталған ұйымның қызметіне 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының Сарыарка аудандық соты тыйым салған болатын.
baq.kz