Үндістанның Бангалор қаласындағы ондаған аялдамаларда «Құран бәріміз үшін» деген жазулар іліне бастады. Осыдан кейін мұсылман емес мыңдаған азаматтар жергілікті Ислам қолдау орталығына шағымдана бастаған.
Аталмыш ақпараттық акцияны ұйымдастырған «Салям» орталығы Құраннан хабары жоқ адамдарға Құран кітабы салынған сыйлық жиынтығын сыйға тарту арқылы ислам дінін насихаттаған.
Ақпараттық орталықтың мұндағы мақсаты Құранда жазылған насихатты мұсылман емес халықтарға жеткізу.
Орталықтың қызметкерлері осы акция аясында мыңдаған адамға исламды таныстырып үлгерді.
hibatulla.kz


01 Сәуір 2026
13 Шавваль 1447

