Түркия президенті ер мен әйелдің теңдігін мойындамайтынын айтты

Түркия президенті ер мен әйелдің теңдігін мойындамайтынын айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбулда журналистермен кездесуі барысында еркек пен әйелдің арасында теңдіктің болуы мүмкін еместігін айтты. 

Бұған дейін өзінің діни құндылықтарды ұстануымен көзге түскен Ердоған ер мен әйелдің жаратылыс болмысы, табиғаты мүлдем екі түрлі екендігін атап өтті.
Оның айтуынша, әйел әу бастан ана болу үшін жаратылған. Ол жер қазып, ауыр жұмыстармен айналыспауы керек. Егер балалары болса тіпті, ер азаматтың жұмысына араласпағаны жөн дейді ол.
Ал, Стамбулдағы Би-би-си тілшісінің айтуынша, Ердоған осылайша елдегі консервативті топтың көңілінен шықпақ ниетте. Алайда, президенттің бұл сөзі қоғамда біраз туғызуы ғажап емес деп жазады тілшілер. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: