Сауд Арабиясы астанасының жастары ерікті түрде мұқтаж жандарға көмек беруде, - деп жазады «ArabNews» ақпараттық порталы. «Бұл іс жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, болашақ көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Еліміздің әлеуметтік істер министрлігі жыл сайын қайырымды іске өз еркімен атсалушы жастар мен бірнеше топтар арасында насихат жүргізіп, форум өткізеді», – дейді Шура кеңесінің мүшесі Саад әл-Базей.
«Белсенді жастар осы форумның қатысушы бола отырып қоғамға аз да болса өз пайдаларын тигізіп жатыр. Бұл мақтануға тұрарлық іс», - дейді ерікті топтың бір мүшесі Мұхаммад әл-Замзани.
Бұл іс шараға мыңға жуық саудиялық жас жігіттер мен қыздар белсене атсалысқан.