БАС МҮФТИ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елорданың бас мешітінде жұма уағызын айтты.

Жамағатқа «Денсаулықтың қадір-қасиеті» тақырыбында насихат айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахыл» сүресінің 18-аятында: «Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар», – деген.

Адам баласына берілген үлкен нығметтердің бірі  – денсаулық. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың көпшілігі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген.

Денсаулық – адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса, таба алмай жататын баға жетпес байлық. Халқымыз «Денсаулық – зор байлық» демей ме?! Алланы көп еске алу, денсаулықты күту, пайдалы тағамдар жеу, денені шынықтыру – Құдайдың бізге берген нығметіне шүкір білдірудің белгілері» деді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: