Дағыстан билігі Ахтынск ауданы Хрюг ауылындағы тарихи мешіттің жоғалып кетуіне жол бермеуге ниетті, деп хабарлайды республика үкіметі өзінің Telegram-каналында.
Атап өткендей, мұнарасы бар «Жұма» мешітінің жағдайы ауыр, оның қирауы жақын жерде орналасқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға әсер етуі мүмкін.
Дағыстан үкіметі төрағасының орынбасары Мүсілім Телякавовтың жетекшілігімен федералдық маңызы бар мәдени мұра ескерткішін қалпына келтіру мәселесі талқыланды.
asyldin.kz