Өмір – біз жоғалтып алмайынша бағаланбайтын Алланың пендесіне берген бір керемет мүмкіндігі, зор нығметі. Ал денсаулық – тек науқас жандар ғана көре алатын сау адамның басындағы алтын тәж. Өмір де, денсаулық та – екі дана ұстаз! Екеуі де Алла Тағаланың адамзат баласына нәсіп еткен аманаты. Өмір қиыншылықтарға төтеп беруге үйретсе, денсаулық – өз өмірімізді бағалауға үйретеді.
Қамшының сабындай қысқа өмірімізді Алланы танып-білуге арнап, Жаратушымыздың бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылып, Оның сүйген құлдарының қтарынан болуға тырысайық! Қасиетті Рамазан айында, Алла разылығы үшін, ораза ұстап, құлшылықтарын лайықты түрде орындап жүрген күллі мұсылман қауымына Қияметте Алла Тағаланың жүзін көруге нәсіп етсін! Әмин!
Ақерке Сыдықова