Бірде мұсылман емес бір әйел кісі медресеге баласын алып келеді де ішіне кіргізіп жібереді. Ол бала имамға барып, ілім алғысы келгендігін айтады. Имам балаға:
- Ата-анаң қайда? - дейді. Сонда бала:
- Анам мешіт сыртында тұр, бірақ, ол мұсылман емес, - дейді. Жауапқа таңқалған имам мешіт сыртында баласын күтіп тұрған анасына барып:
- Неге балаңызды медресеге бермек болдыңыз? - дейді. Сол кезде анасы имамға:
- Мұсылмандарға қарап қызығамын, балаларын медресеге жіберер алдында беттерінен сүйіп, жылы-жылы сөздерін айтып жатады. Кейін ол балалары ата-аналарына қамқор болып, асырап бағып-қағады. Ал кейбір мұсылман еместер балаларына қанша қамқор болып, асыраса да әке-шешелері қартайғанда қарттар үйіне өткізіп жатады. Менің де балам кейін өскенде бізге солай істей ме деп қорқамын. Сол үшін де мұсылманшылыққа бой бұрып, баламды өздеріңізге тапсырып жатқан жайым бар, - деген екен.