«Мұсылмандардың әлем аруы» неге мұңайды?!

«Мұсылмандардың әлем аруы» неге мұңайды?!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезия мемлекетінде «Мұсылмандардың әлем аруы» сайысы өз мәресіне жетіп, жеңімпазы да анықталды. Айта кетейік, бұл сайыста бойжеткендердің тек сыртқы сұлулықтары ғана сарапқа салынбайды, адамгершілік, ұят, әдеп секілді көркем мінез құлықтары сараланады. Сондай-ақ, қасиетті Құран Кәрім бойынша білімдері тексеріледі.

Сайыс жеңімпазы болып Тунис елінен келген Фатма бен Гефрац танылды. Марапаттау рәсімі кезінде сөз алған Фатма Палестина мен Сирия мемлекеттері жайлы сөз қозғап, олардың басындағы жайға жаны күйзелетінін жеткізді.

«Құдіретті Алла Тағала менің дұғаларымды қабыл етсе екен. Маған оларға көмектесуім үшін күш-қуат бере гөр деп тілеймін. Палестина мен Сирия елі бостандықта өмір сүрсін!» – деп ұран тастады ол.

25 жасар жеңімпазға алтын сағат  және алтын динар тарту етіліп, кіші қажылық жолдамасы бұйырды.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: