Қазақстан аумағындағы құлшылық ордаларының саны тағы бір мешітке толықты. Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Қарағаш ауылындағы мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, ақ тілегін білдірді. Ауылдарында басқа емес, Алла үйінің ашылғанына қуанған халыққа Бас мүфти құттықтау лебізін білдіріп, құлшылық ордаларының көбеюі иманды ұрпақ қалыптасудағы негізгі қадам екенін атап өтті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиұлының бастамасымен бой көтерген құлшылық ордасына Жұмжұма молланың есімі берілді. Туған жеріне алыстан менмұндалаған сәулетті мешіт салып, имандылыққа шақырған ел азаматының бұл ісіне ауыл тұрғындары да дән риза.
muftyat.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.