Түркиялық бір мұсылман он жылдан бері өз бастамасымен мұқтаждарды тамақтандырып келеді. Хаккаридің Юксекова ауданындағы жылыжай иесі 66 жастағы Меджит Буюксу қазірдің өзінде бүкіл ауданға танымал.
Ер адам өз қаражатына салған жылыжайдың кіреберісіне «Кімге көкөніс керек болса, осында кел» деген жазу іліп қойған.
Ол салат жапырақтарынан қызанаққа, кәдіден бұршаққа дейін көптеген көкөністерді өсіреді. Егін піскен соң өңірдегі тұрмысы төмен отбасыларды анықтап, өнімдерін тегін таратуда.
asyldin.kz