Түркияның Чанкыри қаласына қарасты Кизилирмак ауданындағы Халлахли ауылында тұратын 90 жастағы Осман Эрол өзі отырғызған мыңдаған көшеттің арқасында ауылын көгалдандыруға үлес қосуға қуанышты.
Егіншілікпен айналысатын Ерол ауылының айналасына ағаш отырғызуды 35 жылдай бұрын бастаған. Ерол ауылдағы қолайлы жерлерге бадам, қара өрік, алмұрт сияқты жеміс-жидек көшеттерін, сондай-ақ қарағай, терек сияқты тұқымдарды отырғызды. Бүгінгі таңда ағаштардың саны 40 мыңнан асты.
Ерол жасы ұлғайғанына қарамастан көшеттерге, ағаштарға күтім жасайды.
asyldin.kz