#Шу: Курс шәкірттері ұлт тұлғаларының ескерткішімен танысты

#Шу: Курс шәкірттері ұлт тұлғаларының ескерткішімен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің жазғы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттері қалада орналасқан ұлт тұлғаларының ескерткіштерімен танысты. 

Тарихымызда есімі алтын әріптермен жазылған алып азаматтардың өмір тарихымен таныстырып, балаларға ол жайлы мағұлмат беру мақсатында Әйел-қыздар секторының Шу аудаыныдағы жауапты ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы шәкірттерді Төле би және Қажымұқан бабаларымыздың ескерткішіне апарды. 

Қашалып жасалған ескерткішті көрсете отырып, ол кісілердің қандай адам болғанын айтып берді. "Бұл әдіс арқылы баяндау балалардың санасында жақсы сақталады" - дейді ұстаз.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: