Меркі ауданы: Мұқтаждарға көмек көрсетілді

Меркі ауданы: Мұқтаждарға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Садақа — ең алдымен, адамды Аллаға жақындататын, оның Аллаға деген сенімінің, шүкіршілігінің шынайылығын дәлелдейтін іс. Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады.

Меркі ауданына қарасты мешіттерге жағдайларын айтып, көмек сұрап қайырылатын жандар өтекөп. Мешіт имамдары шама-шарқына қарай көмек сұрағандардың мұқтаждықтарын өтеуге асық.

Осындай жағдайлардың бірі, Меркі ауданы, орталық «Меркі ата» мешітінде орын алды. Мешітке жағдайларын айтып келген апаларымызға аудан бас имамы Азамат Берікұлы азық-түліктей көмек сұрағанға ет салынған пәкет, қаржылай көмек сұрағандарға қаржылай көмек қолын созды.

Және де Т.Рысқұлов ауылының имамы Көктал Мадиярда жамағат арасындағы сырқаттанып қалған ағамыздың отасына мешіт атынан қаржылай көмек берді.

Көмек алған отбасылар имамдарға разы болып, алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: