Қазіргі уақытта Ресейдегі мешіттер саны 7 000-нан асады. Естеріңізде болса, осыдан 30 жыл бұрын мұсылмандарға арналған құлшылық орындары 70 есе аз болатын, - деп жазады «Российская газета» басылымы, Ресейдің муфтилер кеңесінің басшысы Равиль Гайнутдиннің сөзіне сілтеме жасап.
Равиль Гайнутдин елдегі мешіттер санының өсуі 1920 жылдан бері бірнеше есеге артқанын айтты.
Равиль хазрет сонымен қатар, мешіттер санының күрт өсуін Ресейге Әзірбайжаннан, Кавказдан және Орта Азиядан келген қоныстанушылар санының артуымен байланыстырды.