Қалыңдығының түрін некелесу рәсімінде көрген жігіт үйленуден бас тартты

Қалыңдығының түрін некелесу рәсімінде көрген жігіт үйленуден бас тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының тұрғыны қалыңдығының түрін некелесу рәсімінде алғаш рет көріп, оған үйленуден бас тартты. Бұл уақытқа дейін қыз бен жігіт ұзақ уақыт араласқанымен, тұмшаланған бойжеткен орамалын шешуге асықпапты.  

Қалыңдық орамалын некелесіп болғаннан кейінгі суретке түсу рәсімінде бір-ақ шешіпті. Сонда жігіт тізерлеп тұрып: "Сіз мен көз алдыма елестеткен қыз емессіз, мен үйленуден бас тартамын" деп, той өтіп жатқан жерден кетіп қалған.


Ал, қалыңдық болса сол жерде есінен таңып, ұзақ уақыт өзіне келе алмапты.


The Daily Mirror тілшілерінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы болған жайтты ұзақ талқылаған. Барлығы дерлік жігітті жазғырыпты. "Ол тәннің емес, жан сұлулығына назар аударуы керек. қызды қалай қорласа өзі де сондай қиындықты басынан өткізгені жөн" деп жазған саудиялық блогерлер. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: