Алматыда бүгін таңғы бесте терроризм үшін күдіктілерге қарсы арнайы операция өтті. Бұл туралы бірқатар ақпарат құралдары жазып жатыр.
Куәгерлердің айтуларынша, Ақсай 2 шағын ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде болған операция кезінде оқ атылмапты. Қаруланған маскалы топ пәтерді жалдап тұрған бірнеше жас жігітті құрықтаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталмыш оқиғаға қатысты анықтама бермеді. Алайда, бұл ақпаратты жоққа да шығармады.
Еске салайық, бұл Алматыдағы терроризмге қарсы алғашқы операция емес. 2012 жылы Ақсел Кент шағын ауданындағы операция кезінде 7 лаңкестің көзі жойылған.
2 сағатқа созылған операция кезінде террористер арнайы жасаққа қарулы қарсылық білдірген еді. Кейін олар жасырынған пәтерден оқ-қару арсеналы табылған.