Жиһадшылар кепілдегі тағы бір америкалықты өлтірді

Жиһадшылар кепілдегі тағы бір америкалықты өлтірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының мүшелері АҚШ азаматының басын алған тағы бір бейнероликті жария етті. Agence France-Presse-тің хабарлауынша, содырлар кепілде болған Питер Кэссигті бақилық еткен. Ұйым басшылары болса бұл әрекеттерін АҚШ-қа жасаған ескерту деп түсіндірді. 

16 минуттық бейнеролик ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Онда тек Кэссигтің өлімі ғана емес, сириялық жауынгерлерді жаппай қырып-жою сәттері де көрсетіліпті.


Бұған дейін Батыстың басылымдары әуеден жасалған әскери шабуылдардың кезінде "Ислам мемлекеті" басшыларының бірі 
жарақат алды деп жарыса жазған болатын. Әскери операция 8 қараша күні Ирактағы Әл-Каим қаласының маңында орын алған. Дегенмен, бұл ақпарат ресми түрде дәлелденген жоқ.


Питер Кэссиг 2007 жылы Иракта әскери борышын өтеген сарбаз. Мұнан кейін ол Ливанға барып, сириялық босқындарға көмек берумен айналысқан. 2013 жылы осында жүріп кепілге алынды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: