Қордай аудандық мешітінде "Имани жаз - 2022" жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа, мәнерлеп оқу бойынша жарыс өтті.
Білім жарысына курстың 1,2,3-топтан шәкірттерінің барлығы бақ сынады. Шараға 80-ге келген Гулчаһра Қожабекқызы мен Зарина Хасенқызы да келіп қатысты.
Сайыс нәтижесіне сай қыздар төмендегі орындар бойынша алғыс хаттармен марапатталды.
Үлкен топ:
1-орын Кәусар Ержанқызы.
2-орын Балнұр Асхатқызы мен Әмина Алмасқызы.
3-орын Фатима Ғаниқызы мен Рамиля Ринатқызы.
Орта топ:
1-орын Марям Асхатқызы.
2-орын Раян Ержанқызы.
3-орын Самия Ахметәліқызы
Кіші топ:
1-орын Алима Қайратқызы.
2-орын Амира Жандосқызы.
3-орын Марям Асқарқызы мен Адина Әділқызы.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі