ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі "Хамралиев А.П" ЖК кәсіпорнына жоспардан тыс тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Халалға жауапты мамандар өндіріс орны шығаратын шикізат өнімдері, тауық өнімдері,тағамдық қоспалардың және дайын өнімдердін стандартқа сай екеніне көз жеткізіп қайтты.
Айта кетейік, "Хамралиев" ЖК өндірісінің шұжық өнімдері республикамызда аса ірі сұранысқа ие өнімдердін бірі. Атап айтқанда, "Таза Ет", "Елім", "Шейх" өнімдері кеңінен таралған. Мамандар өнім тасымалдау және сақтау жұмыстарына оң бағасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі