Австрия билігі мұсылмандарға арналған заңды өзгертті

Австрия билігі мұсылмандарға арналған заңды өзгертті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австрия елінің билік басындағылары мұсылмандар туралы заңға өзгерістер енгізбек. Мұсылмандар туралы заң осыдан жүз жыл бұрын енгізілген болатын.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, бұл заңға өзгерістер енгізуге радикалды ағымдағы ұйымдардың елде көптеп белең алып жатқаны себеп болған. Алайда, автриялық мұсылмандар бұл заңға өзгерістердің енгізілуі мұсылмандардың кейбір құқықтарына залалын тигізуі мүмкін деп отыр.

Өзгертілген заңнамаға сәйкес, қандай да бір діни ұйымның шет елден қаржылық көмек алуына қатаң тиым салынады.

Айта кетерлігі, Ислам діні Австрияда 1912 жылдан бері ресми мойындалған, -  деп жазады Умма-инфо. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: