Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі шет мемлекеттерден келген қажылардың 8 қарашаға дейін Сауд Арабиясынан өз елдеріне кетпесе, үлкен көлемде айыппұл салынып, жер аударылатынын және жыл бойы патшалыққа кіруге тиым салынатынан жариялады.
Барлық қажылардың қажылықты өтеу мерзімдері осыдан біраз уақыт бұрын аяқталған екен. Дегенмен, Министрліктің баспасөз хатшысы Хатем Кади (Hatem Qadi) мырза қазіргі уақытта Мекке мен Медине қалаларында 40 мың үнділік және малайзиялық қажылардың жүргенін айтты.
Сауд Арабиясының Төлқұжат беру департаментінің баспасөз хатшысы Ахмед Лухайбан (Ahmed Luhaidan), Сауд Арабиясы жерінен кету уақытын созып жүрген қажыларға 15 мың сауд риалы көлемінде айыппұл салынатынын және бұл соманың барлығы сол қажылардың есебінен алынатынын мәлім етті.