Ешбір жанның Алла Тағаланың тыйым салған іс-әрекетіне рұқсат етуіне, немесе керісінше орындауға рұқсат еткен іс-әркеттеріне тыйым салуға ешқандай қақысы жоқ. Дегенмен пендешілік салынып, Алла Тағаланың әміріне көнбей шектен шығып жатамыз. Бұл, әрине ағаттық. Бірақ көп жағдайда бұл білместіктен, нәпсіге ерушіліктен, имамдар мен молдалардың уағыздарына құлақ аспаушылықтан ең бастысы Алла Тағаланың хақтығына сенбеуден болып жатады. Қатыгездік, жек көрушілік, араздық, дүниеге құмарлық, мансапқорлық сияқты және басқа да жаман әдеттер адамдықылмысқа итермелейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз өмірінің жартысынан көбін адам баласын имандылыққа, бірлікке, Алла Тағаланың әміріне бой ұсынуға шақырған. Алла Тағалаға сенген адам ең алдымен тозақ отынан қорқады. Алла Тағаладан қорыққан адам өзінің басқан әрбір қадамын бақылап тұрғанын сезінеді. Алайда бұны білсе де, білмесе де, оған құлақ аспай жүргендер де баршылық. Бірі кісі өлтіру, яғни жазықсыз адамның қанын төгу.
Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Бір – біріңді өлтірмендер. Расында Алла Тағала сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандық,зұлымдық пен істесе,оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай» («Ниса» сүресі, 29 аят) делінген.
Қазіргі қоғамда көптеген адамдардың әлеуметтік жағдайдың қиындығына төтеп бере алмай өзіне - өзі қол жұмсап жатқаның көріп отырмыз. Өзін - өзі өлтіру ол адамның өзін өмірінен айыру ғана емес ,ол осы арқылы басқаларға жаман үлгі беред,туған – туысқандарын қасіретке ұшыратады. Барлық жамандық осыда. Өз жанын өзі өлтіргені үшін сол адам о дүниеде тозақ отына тасталады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Азапқа душар ететін жеті күнәдан аулақ болындар» - деген де сахабалар: «Ей, Алланың елшісі! Бұл қандай күнәлар?» - деп сұрады. Сонда Алланың елшісі: «Аллақа серік қосу, сиқыр жасау, Алланың рұқсат еткен жағдайларынан басқа уақытта кісі өлтіру, өсім жеу, соғыс майданынан қашу, абыройлы, мүмин әйелдерді зинақор деп жала жабу» - деген.
Расында бір мұсылманның екінші біреуге шабуыл жасап,қол көтеруі,оны өлтіру мақсатында қару кезеуі немесе қанын төгуі,екі мұсылмандыда тозаққа алып баратын, Алланың қаһарына ұшырататын ауыр күнә. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисіне орай Әбу Бәкір : «Егер екі мұсылман адам бір – бірімен қылыштарын айқастырып кездесетін болса,онда өлтірген адам да өлген адам да тозаққа түседі!» - деген де мен: «Ей , Алланың елшісі, өлтірген адамның тозаққа түсуі түсінікті, ал өлген адам не үшін?» - деп сұрадым дейді. Сонда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Ол да өзінің жолдасын өлтіруді қалады ғой» - деп жауап берген екен.
Қорыта айтқанда, Алла Тағала Құранда адам баласына өзін немесе өзгені өлтіруге болмайтындығы хақында қатан ескерту жасаған. Алла Тағала біздің біліп білмей жасаған күнәларымызды кешіріп жасаған тәубелерімізді қабыл етіп, баршамыздың имандылығымызды арттырсын.
Рахымбай ДОСЕКЕҰЛЫ
«Әбсат» мешітінің имамы Шығанақ ауылы.