Ел болам десең бесігіңді түзе

Ел болам десең бесігіңді түзе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні адамзаттың дүниелі һәм ақиреттік мүдесін қорғайтын жол. Оның ішінде бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Шариғатта ата-ананың балаларының алдында және баланың ата-ананың алдындағы міндертерді тәппіштеп айтып кеткен. Баланы жасынан дұрыс тәрбие беруімізді, анайы ден қойуымыз керектігін дініміз ерекше маңыз береді. Себебі бүгінгі жас буын елдің ертеңгі қорған болар ірге тасы, үлкен үміті мен болашағы.

Ел болам десең бесігіңді түзе демей ме ата-бабамыз?! Демек балаға жастайынан тәрбиенің кемелін яғни өз ата-анасын сыйлауын, иманды, адал, еңбек сүйгіш, жанашыр, кішіпейіл секілді ізгі қасиеттерді бойына сіңіру. Ер жеткенде қоғамға пайдалы азамат болуы. Жас кезінен жаман іске, оғаш қылықтарға үйір болмауы, ешкімнің ала жібін аттамауы. Көреген әдепті болуы, қашан да текті тәрбиенің жемісі.

Ақиқатында балаға берілетін тәрбиенің алғашқы сатысы – бұл имандылық тәрбие. Өйткені бұл  ата-ананың бала алдындағы басты міндеттерінің бірі. Алланың бар екенін, бізді жоқтан бар еткен жаратқан Иеміз жайлы таныстырып, үйретіп шынайы мұсылман болып жетілуіне жағдай жасау әр-бір ата-ана борышы. Бұл жайында Аллаһ тағала қасиетті Құранда былай бұйырады: «Әй иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан болған оттан (тозақтан) сақтаңдар. Оның басында қатал, ызғарлы, алланың бұйрықтарына қарсы келмейтін әрі өздеріне бұйырылғанды орындайтын періштелер бар».  (тахрим сүресі 6-аят)

Осы аяаттағы сақтаңдар мағынасын Әли ибн Әбутәліп (р.а): «Оларға ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», - деп түсіндірген болса, ал Хасан Басри: «Аллаға мойынсұнуға бұйырып, ізілікті үйретіңдер», - деген.

Балаға жақсы тәрбие беру туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мынадай өсиет хадистері бар.

Хәкімнің Ибн Аббастан (р.а) риуаят еткен хадисінде Пайғамбар (с.ғ.с): «Сәбилеріңнің алғашқы сөзін «Лә иләһа иллаламен» ашыңдар әрі өлер кезінде оларға «Лә иләһа иллаланы» айтқызыңдар», - деген. Имам Ахметтің «мүснәд» және Әбу Дәуіттің «сүнән» кітаптарында Амр ибн Шұғайыптың әкесінен, әкесі атасынан риуаят еткен хадисте Алла елсшісі (с.ғ.с): «Балаларыңа жеті жастан намаз оқуға бұйырыңда, ал он жаста оқымаса ұрып оқытыңдар да төсектерін бөлектеңдер», - деген.

Табаранидың «Мұғжам» атты кітабында Жәбір Ибн Сумрадан жеткен хадиста Алла елшісі (с.ғ.с): «Біреулеріңнің баласына әдеп үйретуі оған әрбір күні жарты сағ (бір уыс бидай немесе құрма) садақа бергенінен артық», - деген.

Байхақидың Әбу Сағит пен Ибн аббастан жеткізген риуаятында Алланың елшісі (с.ғ.с): «Кімде кім балалы болса оған жақсы ат қосын және жақсы әдеп үйретсі. Балиғатқа жеткенде оны үйлендірсін. Еген балиғатқа жеткенде үйлендірмей ол күнәға батса (яғни зинаға барса) оның күнәсі әкесіне», - деген.

Қорытындылай келе баланы  кейбінр ата-аналар жағымсыз қылықтары мен оғаш жүріс-тұрыстарына шағымданып психологтарға барып жатады. Дегенмен ондай келеңсіздіктердің орын алу себебі өз қателіктеріміз екен деп түсінбейді. Ата-ана өздерінің сол қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен олар балаларының неліктен осындай болғанына түсінбей қайран қалады. Баларымызға сәби күнінен имандылық сабақтарын үйретіп, имандылық тәрбие беріп оларға оңаша ден қойғанымыз жөн.

Ерлан ЛУКМАНОВ

Қордай ауданы, Қордай ауылдық мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: