Көз тию жөнінде

Көз тию жөнінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күнделікті өмірде «Осы бір адамның көзі жаман», «Ана бір адамның көзі тигіш» деген сөздерді жиі естіп жүреміз. «Жаман көз» басқаша айтқанда «көз тию» – бұл бір адамның екінші бір адамға қатты қызығуы себепті не болмаса жаман қызғаныштан, көреалмаушылықтан туындайтын зияны.

Бұл бес күндік фәни тірлікте жұмыр басты пенде үнемі бір-бірімен жарысуда жүреді: жетістіктерімен, жиған-тергенімен, жеке бақыттарымен бәсекеде болады. Өзге адамның бақыты үшін шынайы түрде қуана білу – әр пенденің қолынан келе бермейтін іс, міне, дәл сол кезде оның жүрегінде қызғаныш оты ұшқын береді. Оның өзінде жоқ нәрсеге қолын жеткізген өзге адамның жетістігін көре алмағандықтан, оның жүрегіне жаман ойлар ұялап, осыдан барып көз тию орын алады. Хадистерде келтірілгендей: «Көз тиюдің бар екені – ақиқат» (Бұхари). «Көз тию адам баласын қабірге апарады, ал түйені қазанға салады».

Бірде Алла Елшісі (ﷺ): «Неліктен кейбіреулерің өз бауырларыңды көз тигізумен, қызғаныштан өлтіресіңдер? Неге сен оған қайыр-береке тілеген сөзіңді қоспадың?» - деген екен. Көз тию әдейі біле тұра жасалады немесе жазатайым болады. Кейде бір адам келесі бір адамның жетістігіне таңдануы себепті, Алла Тағаланың ұлықтығын есіне алмай, жазатайым көз тигізіп алады. Көз тию салдарынан көз тиген адамның өмір сүру сапасы төмендейді, оны селқостық, енжарлық, жалқаулық басып алады, денсаулығы күрт нашарлайды, үнемі басы ауырып, сақинасы ұстайды, үй мен жұмыста қиыншылықтар басталады, әрдайым жабырқаңқы көңіл-күймен жүретін болады, беті сарғылттанып, терлегіш келеді, асқа деген тәбеті жоғалады, ұйқысы қашады, жиі есінейтін болады әрі кез-келген нәрсеге ашуланып, «сіркесі су көтермейтін» халге жетеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: