Адам ұйқыға жатқанда оған періште де, шайтан да асығады...

Адам ұйқыға жатқанда оған періште де, шайтан да асығады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы маңайындағы адамдарды таңдауда ерікті. Ол ата-анасын, туған-туыстарын, сыныптастары мен әріптестерін таңдамайды, бірақ өзі араласатын достарын таңдауда ерікті. «Сен досыңның кім екенін айт, ал мен сенің кім екеніңді айтып берейін» дегендей, адам баласы қасында жүрген достарының мінез-құлық, әдеттерін бойына сіңіріп алады. Сол сияқты, өзімізді не періштелердің, не болмаса шайтандардың ортасында көруіміз де адамның өзіне байланысты.

Сөзсіз, біз періштелердің ортасын қалаймыз, ал періштелер біздің ортамызда болғанды қалай ма екен? Ит, мүсіндер мен суреттер бар үйге періштелердің кірмейтінін біле тұра, үйдегі барлық қабырғаға фото-суреттерімізді іліп, ал сөрелердің бәріне мүсіндерді толтырып, онымен қоймай, «асыл тұқымды ит» деп үйге ит асырайтынымыз да өтірік емес. Періштелер Алла Тағаланы есіне алатын орындарға жиналады, ал мұсылман бауырына дұға жасағанға, періштелер сол сұрағанын өзіңе де болсын діп тілеп тұрады. Егер ұйықтардың алдында «Аят әл-Күрсіні» оқыған адамның ұйқысын періштелер таң атқанша қорғайды. Өзінікі дұрыс бола тұра сөз таластырмайтын, адамдармен ұрсыспайтын жандардың қасында періштелер жүреді. Ал шайтандар сөз таластыруды, өсек-аяңды, ғайбатты жақсы көреді. Олар үшін ең жақсы сый – ерлі-зайыптыларды ұрсыстыру. Адам баласының күмәнданып «егер, егер де...» деп айтатын әдеті болса, оны шайтандар иектеп алады да азғырып, берекесін кетіреді. Үйге кіргенде не болмаса тамақтанғанда Алланың атын айтпасаңыз, шайтан сізбен бірге үйге кіріп, сізбен бірге ас ішеді. Құран оқылмаған үй шайтанның мекеніне айналады, бірақ шайтандар «Бақара» сүресі оқылған жерден қашады.

Адам ұйқыға жатқанда оған қарай періште де, шайтан да асығады. Біреуі күнді берекелі аяқтауға үндесе, енді біреуі зұлымдықпен аяқтауға азғырады. Өз ұйқысын кіммен бөлісері де тек адамның өзіне ғана байланысты. Көзі ұйқыға кетпес бұрын Алла Тағаланы есіне алатын адамның қасында періште қалса, ал Жаратушыны ұмытқан жанның қасында шайтан қалады...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: