Мұсылмандар қатары екі адаммен толықты

Мұсылмандар қатары екі адаммен толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғылым және ақпарат ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен әлемге аты мәшһүр адамдар да бар. Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда.

Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болуда.

Жақында мешітімізге Мирашниченко Иван есімді азамат келіп, өзін көптен бері мазалап жүрген ойын тілге тиек ете отырып, Ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізді. Иван 1992 жылы Жуалыда дүнеге келген. Әкесі украин, анасы кәріс қызы екен. Иванның өзі ата-анасын ешқандай дінге жатқызбайды. Оның Ислам дініне келуі үшін Петровканың имамы себеп болған екен. Имам Иваннан тері алып тұрады. Тері алған сайын оған уағыз айтып, Хаққа шақырып тұрған. Имамның уағыз-насихатының себебімен, осылайша Иван мұсылман болды.

Сонымен қатар, мұсылмандар қатары тағы бір адаммен толықты. Корноусов Алексей есімді 1996 жылғы азамат мешітімізге келіп, мұсылман болды. Мұсылман қатарына қосылған жігіт өзіне Абдуррахман деген есімді алған.

Бала кезінен христиан отбасында тәрбиеленген. Ата-анасы христиан дінін ұстанады. Нақтырақ айтқанда, бала кездерінде шоқындырылған, бірақ, шіркеулерге бармайды екен. Дегенмен, өздерін христиан деп санайды. Алексейдің өзі Тараз қаласында туылып, осы қалада тұрады. Осы жылдың қараша айының 1 күні қасиетті Ислам дінін қабылдады.
Осы уақытқа дейін Алексей ислам және хрисиан діндері туралы біраз оқып, іштей талдау жасап жүрген. Жүрегі Исламды қалап, ақыры осы дінге бет бұруды мақсат тұтқан жігіттен осы дінді қабылдауыңа тағы не себеп болды деген сұрағымызға: «Құл Жаратушысын таңдамайды, Жаратушының өзі құлын таңдайды», - деп жауап берді. Қазір Алексей орталық «һибатулла Тарази» мешітінде діни білім алуда.

Лаура Қанатқызы,
«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: