Бірінші қағида – ыстық сусын мен тағамды ішіп-жемеу, өйткені ыстық ас асқорыту мүшелерінің жүйесіне – асқазанға, өңешке, ішектерге жаман әсер етіп, зат алмасу үдерісінің бұзылуына әкеліп соғады. Хадисте: «Асты суытып ішіңдер», - делінген. Көп адамдар асты суытамыз деп, оны үрлеп жатады, ислам діні турасынан – тамақты үрлеу де дұрыс емес. Әбу Катад (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Су ішіп тұрған ыдысыңа дем шығарма». Сондай-ақ, Әбу Дәуд Ибн Аббастың (р.а.) айтуымен ұқсас хадис келтірген, онда былай айтылған: «…әрі оған үрлемеңдер». Бір адам Алла Елшісінен (ﷺ): «Ал егер мен бір қылшық көріп қалсам ше?» - деп сұрайды, сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Онда оны төгіп таста», - деп жауап береді. «Алайда мен бір демде ішіп бітіре алмаймын ғой», - (яғни суды ішіп тұрғанда мен бәрібір ыдысқа дем аламын) деп сөзін жалғайды әлгі адам, оған Пайғамбарымыз (ﷺ): «Онда аузыңды ыдыстан алып, сосын дем ал», - деген екен.
Екінші қағида – ыстық сусынды, асты үрлеу арқылы суытпау. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Ол өз ойынан сөйлемейді.
Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4). Демек, Алла Елшісінің (ﷺ) сүннетін ұстану тек Алланың мейіріміне апаратын жол ғана емес, сондай-ақ, тәніміз бен жанымыз саулығының кепілі де болып табылады.
asyldin.kz