Бақыт деген не?

Бақыт деген не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шыр еткізіп дүниеге мұсылман қылып әкелген соң, тура жолына бастап, Өзіңе құлшылық қылуға үлкен мүмкіндік берген Аллаға ғибадат ету неткен бақыт.  Әрбір адам туа біткен сезімнің негізінде өзінің бақытты болуын қалайды. Біреулер бақыт деп ақшаны байлық деп түсінсе, екіншілері бақыт деп дүние ләззаты деп түсінеді. Бірақ нағыз мұсылман адам бұл алдамшы дүниенің  бақытын,  мәңгі дүниенің бақытына еш айырбастамайды.  Өйткені бұл дүние бір сынақ, өткінші бір қысқа ғұмыр.  Мәңгі өлместей өмір сүріп, нәпсінің қалвауына еріп, Алланы ұмытқан жан, күллі бақыттан мақұрымы қалады.

     Егер адам өзінің қысқа ғұмырын бақытты өткізгісі келсе, әлбетте, ол Аллаға ең жақын құлдарының бірі болу крек.  Ал оның бастауы – иман. Шыңайы иман арқылы адам баласы бұл дүние мен о дүниенің бақытына,  жүрек тыныштығына және адамдармен қарым – қатынаста жетістіктерге жетеді. Дүнияуи амалдардың барлығын, о дүниенің жемісіне айналдырады. Сондықтан да, жүрегінің әрбір қағысы Алла деп соққан жан, тағдырдың жазғанына көніп, сабыр етеді. Қиыншылықтарға сабыр етсе, ол үшін сауап алады, ал бір қуанышты хабар келіп жетсе, оған шүкірлік етіп, Алланы мадақтап дәріптейді.  Алла тағала: «Сабырлы болындар. Расында Алла сабырлылармен бірге» - деген («Әнфәл» сүресі,  46 – аят).

    Бақыттың дәмін сезіне алмай жүрген бауырлар,  қандай қиыншылық болса да қандай қиыншылық болса да төзімділік пен сабырлық аса қажет. Өйткені адам баласы әрбір қиыншылық арқылы бір жақсылыққа жақындайды. Өйткені бұл дүниеде көрген қиыншылықтарымыздың сыйы ретінде Алла бізді жәннат есігінен кіргізуі әбден мүмкін. Ол үшін біздің осы өмірде істеп жатқан әр амалымыз Алланың ризалығын табу ниетімен болу керек. Қарап отырсаңыз, жиған дүние, мал –мүліктеріміз оның барлығы уақытша, алдамшы дүниенің бақыты. Біз өлсек ол қалады, ал егерде оның барлығы Алла жолында сарп етілсе, әрине оның пайдасын ақыретте көреді.  Алла тағала Құранда: «Ер мен әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» - деп уәде етіп отыр (Нахыл сүресі, 97-аят) Сол сияқты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Иман келтіргеннің жағдайы таң қаларлықтай! Шын мәнінде оның басына түскен жағдайы өзі үшін қайырлы болады. Егер бір қуаныш келсе,  ол (Аллаға) шүкір етеді, және ол үшін сол нәрсе қайырлы, егер де оған бір қайғы жетсе, ол сабыр етеді, және бұл нәрсе де ол үшін қайырлы. Иман келтіргендерден басқасына бұл нәрсе қол жеткізсіз» - деген (Мүслім)

     Пайғамбарымыздың (с.ғ.с. ) хадисіне үнілсек, ол иман келтіргендердің өте бақытты жандар екен айтады.  Қисса. Көне бір уақытта байлығы тасқан, өзі өркөкірек бір патша өмір сүреді. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның төсегін күнде бір күң келіп салуы тиіс болатын.

Бір жолы өз кезегінде жас күңдердің бірі патшаның төсегін салады. Мамық төсек пен құс жастықтарды әдемілеп жайып, жан – жағын барынша сәндеп біттім ау дегенде аяқ асты әлгі күнге «Апыр – ай мұндай мамық төсекке жатып көру де бақыт шығар. Сәл көз іліндіріп ләззатын байқап көрсем қайтер екен?» деген қызық ой келеді. Ақыры сол әуестігін жеңе алмай  «Патша келе жатқанда атып тұрармын» деп құс жастықты жастанып төсекке қисаяды. Бірақ қатты ұйықтап кеткенің байқамай қалады.

     Патша өзінің жататын бөлмесіне кіргенде төсегінде бір күңнің ұйықтап жатқаның көріп қатты ашуланады.  «Бұған қалай батылын барып жүр?!» - деп әлгі күңді ұрып соға бастайды. Бір қызығы, өзің патша ұрып жатсада, күң сықылықтап күлгенің тыя алмайды. Патша бұған таңырқап: «Сен неге күлесің?» - дегенде,  ол: «Алдияр тақсыр, мен төсегіңізге бір рет жатып көрейінші деп соңша таяқ жедім, ал сіз күгнде осы төсекте ұйықтайсыз. Алда – жалда Алла Тағала да сізді жауапқа тарта қалса,  қайтер екен, сірә таяқ жеудің көкесі сонда болады ау деген ой келді. Соған күлдім» - деп жауап береді.

     Патша Ибраһим ибн Әдхан бұл сөзге көп ойланады. Ақыр соңында сән – салтанаттан өз еркімен бас тартып, тақуалыққа бет бұрады.

     Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқып жатқан кезіңде оған қарсы болған жауларының бірі келіп , үстіне түйенің ішек – қарынын тастайды.  Осыған байланысты Пайғамбар бола тұра абыройы  төгілген ол ашу – ызамен кек қайтарудың орнына керісінше,  ол нәрсеге сабыр етіп, тек Алладан жәрдем тілейді. Сол сияқты қанша қиыншылық болса да, жақсылық істеуден шаршамау керек.

     Себебі оның ақысын адамнан емес Алладан күтуіміз керек.  Алла – тағала Құранда: «Олар шын мәнінд де сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу , алғыс тілемейміз» - деген («Инсан» сүресі,  9 аят).

Бақытқа қол жеткізу үшін адам ең алдымен өзің жаратқан аса Құдіретті Алламен байланысы күшті болу керек.  Өйткені Аллаға деген махаббат ол тек жақсылыққа жетелейтін жол. 

Р.А. Тусупов

«Досекеұлы Әбсат» мешіті молдасы, Шығанақ ауылы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: