Берсең, санамай бер...

Берсең, санамай бер...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Үмама ибн Сахл ибн Ханиф (р.а.) келтірген:
Бір күні арамызда ансар мен мұхажирлер бар, бәріміз Мәдинеде мешітте отырғанбыз. Арамыздан біреуді хазірет Айшаға (р.а.) жұмсап, жолыққымыз келетінін айтып, рұқсат сұраттық. Барғанымызда хазірет Айша (р.а.) бізге мына оқиғаны әңгімеледі: «Алла Елшісі (ﷺ) қасымда болған кезде бір қайыршы келіп маған алақан жайды. Мен әлденелер алдырдым да ішіндегілерді мұқият санап барып қайыршыға ұстаттым. Бұл жағдайды байқаған Алла Елшісі (ﷺ): «Сенен хабарсыз үйге ештеңенің кіргенін не шыққанын қаламайсың ба?» деді.

Мен «Иә, қаламаймын» дедім. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Айша, асығыстық жасама, қайыршыға жылы шырай таныт, жұмсақтық көрсет. Берген нәрсеңді санама. Егер санап берсең, Алла да саған бергенін санайтын болады», – деді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: