Тараз қаласына арнайы сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты болып бой көтергелі отырған медресенің қазығын қақты.
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың сөзінше, Алла бұйыртса бұл жерден қыздар медресе-колледжі ашылмақ. Аталған жерді медресе үшін алу оңайға соқпаған. Алайда облыс әкімінің қолдауы және дін қызметкерлерінің табанды еңбегінің нәтижесінде аталған жер телімі діни білім ордасын тұрғызуға берілді.
Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері құрылысы басталғалы отырған жерге құрбан шалып, Құран бағыштап қайтты.