Сабыр түбі сары алтын

Сабыр түбі сары алтын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің күнінде Алланың әмірімен сәбиі науқастанып, жан тапсырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады. –  Баланы аманат ретінде бізге берген Алла сол аманатын қайтып алды, – деді отағасы жұбайын жұбата:

– Сабыр етсек, баламыз ақыретте бізге шапағат етіп, Жәннатқа бастайтын болады. Сабыр сақтағандарға үлкен сауап уәде етілген. Алланың қай ісінде де хикмет бары сөзсіз. 

–  Дұрыс айтасың, – деді әйелі де мұңайып, – түбі бәріміздің барар жеріміз ғой, бұйырса, баламызбен Жұмақта кездесерміз. Оны Раббымыздың бізден де қатты жақсы көретініне сенем. Ендігі жерде біздің қолымыздан тек дұға ету ғана келеді. 

Бұл иманды жандардың осыншалықты төзімділігі үлкен сауапқа себеп болды. Шексіз ілім иесі Ұлы Алла періштелеріне:

–  Ей, періштелерім! Мен пәленше деген құлымды бауыр еті баласынан айырдым. Олар мұны қалай қабылдады, не айтып жатыр? – деп сұрады.
Алланың әр нәрсені бүге-шігесіне дейін білетінінен хабардар періштелер әдеппен былай деді:

– Олар бұған сабыр етті. «Біз Аллаға тиесіліміз. Содан келдік және түбі Соған қайтамыз» деп тағдырға разылық танытты. Шүкіршіліктен танбай, Саған тәуелді екендерін еске алды.

Адамзатқа ғибрат болуы үшін періштелерінен әдейі сұраған Ұлы Жаратушы оларға марапатты лайық көріп:

–  Ендеше, бұл құлдарым үшін Жәннатқа бір сарай салыңдар. Оны «Шүкірлік сарайы» деп атаңдар, – деп бұйырды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active