ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы достық, рухани байланыстар сөз болды. Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы ҚМДБ Төрағасына «Дін ұстанушылар арасындағы ортақ құндылықтар форумына» қатысып, жасаған баяндамасы үшін алғысын білдіріп, ортақ бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Қазақстанның біз үшін орны бөлек. Сіздермен арадағы қалыптасқан достық байланысты әрі қарай дамытуға әрқашан ниеттіміз. Қазақстан көптеген елдерге өзінің тұрақтылығымен, дінаралық келісімді сақтаудағы өзіндік үлгісімен танымал. Біз әркез ортақ жобаны бірге атқаруға дайынбыз» деді Лига Бас хатшысы.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы маңызды жиынның нәтижелі болғанын айтып, Лиганың жұмысына табыс тіледі.

«Дүниежүзілік Ислам Лигасы Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін, біздің ортақ бастамаларымызды әрдайым қолдап келеді. Өзіңізді қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысу үшін арнайы шақырамыз. Біздің мақсатымыз – тәуелсіздік алған тұстан бері бейбітшілікті ұстану, әлемде болып жатқан жанжал, дінаралық қақтығыстардың алдын алу. Осы ретте Лиганың атқарып отырған жұмысы орасан зор. Мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін нығайту бағытында да көптеген жұмыс атқарылуда. Біздің де мақсатымыз діни көзқарастарымыз бір болып, ортақ мүддеге қарай ойыссақ деймін. Өзіңізбен пікір алмасып, сұхбаттасқаныма қуаныштымын. Алла разы болсын! Лиганың жұмысына болашақта да табыс тілеймін!» деді Бас мүфти.

Кездесу соңында Бас хатшы Қазақстанға шақыруды қабыл алғанын жеткізіп, жоспарда бар екенін айтты. Еске салайық, сәрсенбі күні Эр Рияд қаласында Дүниежүзілік Ислам лигасының ұйымдастыруымен «Дін ұстанушылар арасындағы ортақ құндылықтар» тақырыбында конференция өткен болатын.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: