Қазанда Ислам дінінің қабылданғанына 1100 жыл толуына орай жарық шоу әзірленуде. 19 мамырда республика астанасында мерекелік шаралар басталады, деп хабарлайды «Татарстан-24».
19-21 мамыр аралығында Қазан Кремлі мен Болгардағы Ақ мешіт қабырғаларында жарық шоуы басталады. Бұл туралы Татарстан премьер-министрінің орынбасары Васил Шайхразиев мәлімдеді.
«Болғарда 20 және 21 мамырда Ақ мешіт аумағында өтеді. Жарық шоуы Қазанда 19, 20 және 21 мамырда өтеді. Ол Мыңжылдық алаңы жағынан Қазан Кремлінің бүкіл қабырғасының бойымен өтеді», - деді Шайхразиев.
asyldin.kz