Ирактың Күрдістан аймақтық үкіметінің өкілі «Ислам мемлекеті» ұрлаған 230-дан астам күрд езидінің босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BBC.
Нури Османның айтуынша, тұтқында болған 154 әйел мен 80 ер адамның кейбіреулері өздері қашып кеткен, ал қалғандарын күрдтердің күш құрылымдары босатты немесе оларды сатып алу үшін содырларға ақша төленді.Бүгінде олардың ден үйлеріне қайтып оралған.
Сондай-ақ үкімет өкілі содырлардың тұтқынға алынған езид әйелдердің басым бөлігіне күш көрсетіп, оларды зорлағанын атап өтті.
Аймақтық үкімет «Ислам мемлекетінің» қолында тағы қанша езид қалғанын нақты анықтай алмай отыр», деді Осман.
bnews.kz