"Халал" шұжықтардың көпшілігіне доңыз еті қосылады

"Халал" шұжықтардың көпшілігіне доңыз еті қосылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Халал" өнімнен тағы да доңыз еті шықты. "Ата дәстүр мұрагері деп аталатын қоғамдық қор өкілдері ел тұрғындарына "халал" деген бренді бар өнімдерден сақ болу керектігін ескертіп отыр. 

Ағымдағы жылдың басынан бері қоғамдық қордың өкілдері Алматы дүкендерінен бірнеше шұжықты сатып алып, оларға арнайы құрал арқылы талдау жүргізген. Нәтижесінде, тексерілген 150 шұжықтың тек 14-і ғана расымен де халал, ал қалғандарында доңыздың еті бар болып шықты. Елімізде халал-индустрия ешбір мемлекеттік органның құзырына кірмегендіктен өндірушілерді сот арқылы жазалау мүмкін болмай отыр дейді қоғамдық қордың заңгерлері.
"Кез-келген өнімнің құрамында доңыздың еті бар-жоғын 15 минутта анықтап беретін тест бар. Біз "Халал" деген таңбасы бар 4 шұжық сатып алып, осы тест арқылы тексердік. Оның екеуінде доңыз етінің бары анықталды" дейді "Ата дәстүр мұрагері" қоғамдық қорының басшысы Арманғазы Мұратов. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: