Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешіті асханасында Рамазан айының соңғы күндерінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен ауданның 1976-1977 жылғы азаматтары мешіт жамағатына арнап арнайы ауызашар берген болатын.
Сонымен бірге, жақсылық жасауда үнемі алда жүретін арда азаматтар тұрмысы төмен бес аудан тұрғынына қайырымдылық себеттерін үлестірді. Рамазан айында жақсылық жасап жарысқан ауданның азаматтарына аудан имамы да алғысын білдірді. Қайырымдылық көмек алған отбасыларда өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітнің баспасөз қызметі