Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасымен кездесті

Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі бағыттар бойынша нығайғанын атап өтті.

Әңгіме барысында Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтастықтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» ислам банкі мен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтуға болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: