Қасиетті Құран жапон тіліне аударылуда

Қасиетті Құран жапон тіліне аударылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта қасиетті Құран Кәрім әлем халықтарының  63 тіліне, Азия халықтарының 32 тіліне аударылған.  Бұл туралы Саудияның Құран басып шығару ұйымының бас хатшысы Мухаммед Салим ибн Шадид Ауфи мәлімдеді.

Бас хатшының хабарлауынша, осы уақытқа дейін Құран 63 тілге аударылған. Оның ішінде  32  тіл  – азиаттық,  16 – африкалық, 15 – еуропалық. Сонымен қатар, қасиетті кітаптың жапон және ирбит тіліндегі аудармалары да аударылып дайындалуда.  Қазір мамандар осы екі тілдегі аудармалардың санасын тексеру үстінде, - деп жазады «Салам Ньюс».

Айта кетелік, Сауд Арабиясының Медине  қаласында орналасқан Мелик Ахад атындағы Құран шығару Орталығы осы күнге дейін 300 000 000 дана Құран басып шығарған. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: