Қырғызстанның елордасы Бишкекте Кино үйінде «Ислам әлемінің кинолары» атты фестиваль басталды. Бұл кинофорум «Бишкек қаласы – Ислам мәдениетінің астанасы» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып отыр.
Фестивальда әлем бойынша үздік деп танылған барлық елдегі киноленталар көрсетіледі. Кинофорум 1325 жылы Танжер қаласынан (Марокко) Меккеге жету үшін 18 ай бойы жол жүрген Ибн Батуттың қажылық сапары жайлы түсірілген «Меккеге сапар» фильмінің көрсетілуімен ашылды.