Соңғы жылдары бұл ұйымнан елімізге көптеп инвестиция тартылды. Мәселен, бір ғана Астананың өзінде Орталық Азиядағы ең биік ғимараттың бірі «Абу Даби Плаза» кешені бой көтеріп жатыр. Бұдан бөлек бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. «Сондықтан Елбасына табысталған бүгінгі сыйлық – еңбектің нәтижесі», - дейді Қазақстанның мәдени қайраткерлері.
Төлеутай Сүлейменов, мемлекет қайраткері
- Ол премия біздің Елбасын тапқан деп ойлаймыз. Исламдық даму банкінен бізге қазір көптеген инвестиция түсіп жатыр. Мұның барлығы Елбасының абыройы.
Видади Салахов, Қазақстандағы Әзербайжан мәдени орталықтарының президенті
- Әлемде ислам мемлекеттері көп. Бірақ бұл марапаттауды 3 адам ғана алған. Оның біреуі біздің Елбасымыз. Дубайда берілген марапаттама – біздің мемлекетімізге берілген марапаттама. Біздің Елбасының абыройына берілген. Қазақстанға, Қазақ еліне берілген марапат.