Христиандар Рамазан айында мұсылмандарды тамақтандырады

Христиандар Рамазан айында мұсылмандарды тамақтандырады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір жыл бұрын Сенегалдағы екі христиан қауымдастығы ифтар кезінде үйден тыс жерде болып, оразасын аша алмай қалған мұсылмандарға азық-түлік тарату туралы бастама көтерген болатын. Биылғы Рамазанда христиандар бұл әрекетті қайталауға шешім қабылдады.

Уақытша ас үйде ерікті жастар жұмыс істейді. Олар ауызашар кезінде бөлісетін тамақ әзірлейді.

Екі христиан тобы азық-түлік таратуға жауапты. Мари Кардинале, La Main du Coeur қауымдастығының жетекшісі, екінші жыл қатарынан қатысуға қуанышты. Биылғы Рамазан мен Оразаның христиандармен тұспа-тұс келгенін ескерсек, қуаныш одан да зор. Мари: «Мұсылман және христиан бауырларымызға ас беру жай ғана қимыл ғана емес, ол сондай-ақ хабарды жеткізеді және сеніміміз әртүрлі болғанымен, бір-бірімізді құрметтеуіміз керек», - дейді.

ASYLDIN.KZ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: